#Жамбыл ауданына жаңа 3 имам тағайындалды

#Жамбыл ауданына жаңа 3 имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл ауданында бірнеше тағайындаулар орын алды. Ауыл мешіттеріне жаңа қызметке кірісетін мамандарды ауданның бас имамы Ғайырфолла Әмірбеков жамағатқа таныстырып қайтты.

Атап айтсақ, Жандос Жұмағұлов Жамбыл ауданы Аса ауылы "Бәйдібек" мешітіне наиб имам және "Рахат" мешітіне имам болса, Галымжан Кадыров Ерназар ауылы "Абдіхайм" мешітіне имам, Жемисбек Абденбаев Еңбек ауылы "Әл-Қадыр" мешітіне имам деп бекітілді. 

Аудан имамы аталған мешіттердің жамағатының алдында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, қызметке кіріскен мамандарға сәттілік, жеміс тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: