Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев барлық дін мамандарын нәтижелі қызметі үшін марапаттады.
Аталған құрметке Қордай ауданының имамдары да ие болып, жылды қорытындылау жиынында ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жемісті жұмыс жасап, ерекше белсенділік танытқан имам-молдаларға алғыс хаттары табыстады.
"Халықты рухани бағытта алып жүрудің маңызы, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрімізбен сабақтаса қайнаған дін білімін, шариғатымыздың талаптарын көпшілікке дұрыс жеткізіп, игіліктер мен қайырымдылықта жамағатқа көшбасшы болып жүрген имам мамандығы қашанда бағалы, құнды, құрметке ие. Бұл бағытта атқарар жұмыс көп, бағындырар белестер төбе-төбе. Соған қарамастан қажырлы еңбек етіп, дініміздің насихатталып, өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін Алла разы болсын" - дейді ауданның бас имамы өз сөзінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі