#Жуалы: Облыс имамы ауыл имамдарын марапаттады

#Жуалы: Облыс имамы ауыл имамдарын марапаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін аудан имамы Нұрлан Амирбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің  бас имамы Бейбіт  Мырзагелдиевтің "Ерен еңбегі үшін" алғыс марапатын ауыл имамдарына арнайы табыстады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күллі Қазақ елінің рухани қара шаңырағы құрылғанына 30 жыл толуына орай  дін саласында ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарып, асыл дініміздің көркеюіне  қосқан ерен еңбектері үшін Түктібай ауылдық «Түктібай» мешітінің имамы Базарбаев Мұрат, Қосбөлтек ауылдық «Ән-нұр» мешітінің имамы Сугурбеков Алғабек, Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінің имамы Сарыпбеков Сауранбек, Алатау ауылдық «Алатау» мешітінің имамы Нысаналиев Нұрлан, Қошқарата ауылдық «Дәурен» мешітінің имамы Таңатаров Нұрмаханға алғыс хатпен марапаттады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: