#Байзақ: Имамдар марапатталды

#Байзақ: Имамдар марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Байзақ ауданы бойынша имамдар мешітте аянбай қызмет атқаруда. Күннің суығына қарамастан қайырымдылық іс–шараларына белсене атсалысып жатыр.

Уағыз-насихаттарды онлайн түрде әлеуметтік желілірге таратып, мешітке келе алмай жатқан адамдардың иманын көтеріп, алтындай уақыттарын бөлуде. Осыған орай, Байзақ ауданы бойынша 3 мешіт қызметкері  Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Атап айтқанда, "Байзақ баба" мешітінің бас имамы  Рамиз қажы Азизов, "Тілеш қажы" мешітінің имамы  Рахымбек Абиров, "Шолпан  Дәуіт" мешітінің имамы  Қанат Тілеуқулов. Тағы басқа имамдардың жетістіктері мен еңбектеріне ризашылығымызды білдіреміз.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: