#Жуалы: «Малдыбай» мешітіне имам тағайындалды

#Жуалы: «Малдыбай» мешітіне имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан имамы Нұрлан Жұмакерімұлы арнайы сапармен Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе ауылдық «Малдыбай» мешітіне арнайы сапармен келді.

Қоңыртөбе ауылына қарасты «Малдыбай» мешітінде  көптен бері қызметін атқаратын имам болмай, табылған күнде құжаттары түгелденбей, толық жұмысын атқара алмаған мешіттердің бірі еді.

Көп жылдан бері түйткілі шешілмеген осы проблеманы шешуде облыс өкіл имамы және аудан имамы, аудан әкімшілігінің, ауыл халқының қолдауымен өңір тұрғыны Чукенов Ғабит «Һибатулла Тарази» медресесінде оқыту курсынан өтті.

Аудан имамы Нұрлан Амирбаев жиналған көпшілікке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Жуалы ауданы, «Малдыбай» мешітінің  имамы болып Чукенов Ғабит тағайындалғаны туралы бұйрығын оқып берді.

Жаңа  имамды Қоңыртөбе ауылы қарияларына, жиналған ауыл тұрғындарына ҚМДБ Жуалы ауданы бойынша бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлы таныстырды. Аудан имамы ауыл мешітінің, өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретінін, имамға жұмыс бағыттарын түсіндіріп, қызметіне табыс тілеп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: