Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігі өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттады.
"Һибатулла Тарази" мешітінде болған шарада облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев журналисттер қауымына алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар тілден бал тамызып, қоғамды өзекті мәселерді халыққа көркем түрде жеткізіп жүрген, ислам дінінің насихатталуына атсалысқан тілшілерді алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады.
"Алла разылығы үшін бұқаралық ақпарат құралдарына руханият тақырыбында өзекті діни мәселелерді қозғап, асыл дініміздің өркендеуіне қосқан сүбелі үлесіңіз үшін сізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Алла тағала әрқашан сауапты істеріңізді қабыл алып, атқарып жатқан жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін, жанұяңызға амандық, деніңізге саулық берсін!" - делінген алғыс хат мәтінінде.
Марапатталған мамандардың арасында "Ақ жол" газетінің тілшісі Есет Досалы, белгілі блогер, ел жанашыры Исламбек Дастан, Жамбыл телеарнасының редакторы Қасымжан Байкүшіков, опиратор Мұхаммедәлі Асқар, облыстық "Арай" жастар газетінің тілшілері Қамар Қарасаева мен Айжан Өзбекова бар.
Бас имам жиын соңында қол жайып, елімізге амандық, береке, Ислам дініне қуат тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі