Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің барлық қызметкерлерін құттықтады.
Бейбіт Әліпбайұлы ислам дінінің өркендеп, дамуына, насихатталып, халықтың рухани білім алуы, діни рәсімдерді орындау сынды маңызды шараларды атқару, ең тамаша мамандық - дінге қызмет етудің мәртебесі жайлы тілге тиек етті. 30 жылда ҚМДБ жеткен жетістіктер еліміздегі барлық дін мамандардың еңбегі екенін атап өтті.
Жылды қорытындылап, мешіт қызметкерлерін осы бір тарихи сәтпен құттықтап, еліміз үшін, әрбір отбасы үшін дұға жасап, алғыс хат пен сыйақы табыстады.
"Біз бір үйдің балаларымыз. Бұл - біздің шаңырақ. Әрбір мұсылман үшін есігін айқара ашатын Алланың жердегі үйі. Жер бетіндегі ең таза, ең нұрлы орын. Мұнда қызмет ету - тек жұмыс қана емес, жүректегі махаббат, мәртебе, сауап, нәсіп," - дейді бас имам өз сөзінде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі