Қордай ауданында қыздар арасында Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Білім додасына 15 үміткер қатысты. Жарыс екі номинация бойынша жүргізілді: 1. "Бәләд" - "Нас" сүрелері аралығында жатқа оқу; 2. 30 парадан 1 сүрені тәжуидпен оқу. Алланың кәләмін махаббатпен жарыса оқыған қыздар сынына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева келіп қазылық етті.
Құран – Қияметте өзін оқығанға шапағат ететін (Алладан кешірім сұрайтын) жалғыз кітап. «Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді» дейді шариғатымызда.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы шарада сөз сөйлеп, Құран оқудың қайырлы құлшылық екенін айта келе, қатысушы үміткер жастарға сәттілік тілеп, «Құранды оқумен қатар, жаттауға ықылас білдіріп жүрген өскелең ұрпақтың жыл санап көбейіп келе жатқаны бізді қуантады», – деп атап өтті.
15 жеткіншек бақ сынаған Құран сайысының қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей марапаттарға ие болды:
"Бәләд" - "Нас" сүрелері аралығында жатқа оқу:
1 орын - Уразбек Хадия2 орын - Намазова Карима
3 орын - Бакизеева Саида
30-парадан 1-сүре жатқа, мәнерлеп оқудан:
1 орын - Нұрмаханбетова Жанар2 орын - Шағырбай Раян, Болат Кәусар 3 орын - Тоқтанаева АлинаЖүзден жүйрік шыққан қыздарға бағалы сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар табысталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі