Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті.
"Кеңесіп піскен тон келте болмас" демекші өңірдің ақсақалдары мен ел ағалары бас қосқан шарада қоғамдағы түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды. Ардагерлер жаңа тағайындалған имаммен танысып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасап, қолдау көрсетіндіктерін жеткізді.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген мақсатты ұстана отырып, ардагерлер мен мешіт тығыз байланыста болып, жаназа және жерлеу сынды іс-шараларда бірлесе қызмет атқармақ. Бас имам тарапынан айтылған ұсыныстарды қош көрген қариялар дін маманына игі лебіздерін білдіріп, баталарын берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі