Жамбыл ауданында әлеуметтік жағдайы төмен, 4 балалы отбасы "Асар" жобасы аясында баспанаға қол жеткізді. Өңір демеушілерінің көмегімен мешіт атынан жасалған сыйлық мүгедек бала асырап отырған жанұяны шын қуантты.
Осынау айтулы шаттыққа толы сәтпен бөлісу үшін ауыл ағалары мен жақындары жиналып, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы үй кілтін салтанатты түрде табыстады.
Мерейлі отбасы үшін бүгін мейрам! Осы қуанышпен құттықтай келген көпшілік, жылы лебіздерін жеткізіп, Алладан дұға сұрап тарқасты.
Айта кетейік, жаңа шаңырақта барлығы 7 бөлме бар, сонымен қатар су, жылу, газ, жарық жүйесіне толық қосылған.
Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі