Бүгін Жамбыл облысының дін істері басқармасының ғимаратында өткен жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, өңірде діни қызмет саласында жеткен жетістіктері мен мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Алғыс хатты басқарма басшысы Жангелді Омаров табыстады. Жангелді Жайлауұлы облыстың діни көшбасшысына толағай табыс, жемісті жұмыс, отбасы берекесін тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі