Құрбан айтта, діни мейрамдарда, дін мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев марапатталды. Алғыс хатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қыжы Мырзагелдиев арнайы барып табыстады. Ел ағаларына жемісті қызмет, береке тілеп, алғысын жеткізді.
Сонымен қатар облыс әкімдігінің дін істері басқармасында еліміздің діни ахуалы мен жасалып жатқан жұмыстарды талқылау мақсатында жиын өтті.
Аталған шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев IV республикалық онлайн-форумда көтерілген мәселелерді тілге тиек етті.
Дін саласындағы жемісті жұмыстарға Мүфтият тарапынан берілген бағаны айтып, бас имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти алғыс хатын Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровқа табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі