Сыртқа барлығы жеткілікті көрінгенмен сіз білмейтін мұқтаж отбасылар қаншама. Ал мұқтаждың мұңын бөлісіп, қол ұшын созу - мұсылманның игі амалдарынан.
Қайырымдылық жасауды күнтәртібіне қойған еліміздің мешіттері жақсылыққа қашанда асық.
Кезекті бір көмекті "Жақсымбет" мешітінің имамы Қыдыралы Қасымалиев ауылдағы 2 шаңыраққа жасады.
Бірінші, зағип отбасыға санузел жасау үшін 100 мың теңге қаражат табыстаса, екінші жанұяға үй сыртын толықтай пеноплекспен қаптатты.
Алла үйінен келген бұл көмекке ауыл тұрғындары қатты қуанды. Аллаға шүкірлік, дін мамандарына алғыс айтқан жандар үшін имам дұға жасап, бата берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі