ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен, Жібек Қолағұлованың ұйытқы болуымен «Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер жиынын өткізді. Жиын барысында «әжелер мектебі» құрылды.
«Әжелер» мектебінің құрылу мақсаты - өкілдіктің жылдық жоспарына сәйкес, еліміздің тыныштығы, отбасы құндылықтары, келіннің міндеті, дін аясындағы қыз тәрбиесі секілді маңызды мәселелерде көпті көрген асыл әжелеріміз өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға үлгі болу.
Жиында Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы уағыз жүргізді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі