ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдивтің тапсырмасымен Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлының ұйымдастырумен «Әжелер мектебі» ашылды.
Алғашқы жиында оның мақсат, міндеттері нақтыланды. Ұйымның құрамында 7 әже бар. Аудандық «Әжелер мектебінің» төрайымы болып Панеева Бекзат апа бекітілді.
Қазіргі таңда «Әжелер мектебі» іс-шаралар күнтәртібіне сәйкес, тәрбиелік маңызы бар жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда. Келешекте жастардың тәрбиесіне ұйытқы болып отырған «Әжелер мектебінің» құзыретін кеңейтіп, жұмысын жетілдіру көзделуде.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі