Имам 21 жетімді асыраған ананың шаңырағын зиярат етті

Имам 21 жетімді асыраған ананың шаңырағын зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі секторының жетекшісі Ержан Аманбаев 21 баланың анасы Тулеева Зульфия Сатынбековнаның шаңырағына барып қайтты. 

Ардақты ана 21 жетім баланы асырап отыр. Балдырғандар жетім болғанда да өте ауыр жағдайда қалғандар. Бірінің ата-анасы бар бола тұра бас тартқан, бұрыс жолға түсіп бала жайын мүлдем ұмыт қылған, ал енді біреуі тұл жетім. 

«(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни, жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген жақсы), (әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі...» («Бақара» сүресі, 220-аят) дейді қасиетті Құранда.

Жетімдер жайын, оларға көмек беруді шариғатымызда аяттармен де, хадистермен де, ғибратымен де насихаттаған. 

Бұл балалар жетім ғана болмай мүмкіндігі де шектеулі жандар. Ал оларға құшағын айқара ашып, қамқорлығына алған отбасының шаңырағына бүгін арнайы зиярат етіп барған дін мамандары 40 мың теңгені құраған азық-түлігін арқалай барып, қаржылай да көмек берді. 

Имамдар үлкен отбасының мүшелерімен тілдесіп, сұқбат құрып, жақсы тілектерін айтып, дұға жасады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: