#Жамбыл: Мешіт ұстазы әжелерге уағыз айтты

#Жамбыл: Мешіт ұстазы әжелерге уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында «Әжелер мектебі»  ашылғанын алдын хабарлаған болатынбыз. Оның мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрімізді қайта жаңғырту.

«Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман»,- демей ме, дана халқымыз. Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова арнайы шақырып, әжелермен кездесу ұйымдастырды.

Ұстаз «Әжелер мектебінің» құрылуымен құттықтап, Құран қасиетін, намаздың пайдасы турасында уағыз айтып, игі бастамаға қолдау білдірді.

 "Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – осы әжелер мектебі еді. Әрине, әже тәрбиесі мен мектебін көрген жандарды  дәл осы – бауырмал да жанашыр мінезінен танимыз. Қандай қызметте болсын, мейлі қандай лауазымды атқарып жүрсе де әже мектебінен шыққандар  бойындағы басқалардан айрықша жылылығынан кімнен тәрбие алғандығын білдіріп тұрады" - дейді ұлағатты ұстаз.

Серік Нұргелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: