Әлеуметтік желі оқырмандары "Пайғамбарға сағыныш" викторинасына қатысты

Әлеуметтік желі оқырмандары "Пайғамбарға сағыныш" викторинасына қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзаттың асыл тәжі сүйікті Алла елшісі әрбір мұсылманның жүрегінде. Оған деген сағыныш еріксіз көзге жас алдырады. Баршаға үлгі болған пайғамбарымызды (с.ғ.с.) еске алып, салауат айту мақсатында инстаграм әлеуметтік желісінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен викториналық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараны сектор жетекшісі, мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева мен "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді. Ең әуелі  "Мәуліт мерекесі не үшін керек? Оны атап өту дұрыс па? Мәуліттің тарихы" деген суалдарға жауап беретін және "Сауалат айтудың артықшылықтары" жайлы насихат айтылды. 

Оқырманға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі ғұмырынан сұрақтар қойылып, берілген жауаптарға дін мамандары тарапынан толықтырулар жасалып отырды. Қиын сауалдарға жауап берген 4 жүлдегерге қаржылай аударылса, басқа да белсенді көрерменге кітап сыйға тартылды.

Әлеуметтік желіде көп отыратын бүгінгі жастар үшін мұндай онлайн шаралар қызықты әрі діни сауатты болуға шақырады. Мұны осы викторинаға қатысқан көпшілік те растады. Бұл ойын арқылы ардақты Елші (с.ғ.с.) жайлы мол  мағұлмат берудің ең қызықты әрі ұтымды әдісі болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: