Мешіттер 5 уақыт намазды жамағатпен оқу үшін қайта ашылғаны белгілі. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев өңір мешіттерін аралап, жұмыс барысын қадағалауды бастады.
Бас имам бірінші болып қалалық "Кеңесхан қажы" мешітіне таң намазана арнайы барды. Алла үйінің карантин талаптарын сақтауы, жамағатпен намаз оқу кезіндегі ара-қашықтық, сақтық шараларының деңгейі, жамағаттың маскада болуы, тазалықтың жүргізілуі қаралды.
Айта кетейік, облыс имамы кез келген уақытта қала және аудан мешіттеріне барып, жамағатпен жүздесіп, тілдесіп, сондай-ақ талаптардың орындалуын өзі бақылайды.
Облыс бас имамын көрген жамағат та қуанышпен қарсы алып, көпшілікпен намаз оқитын күндердің қайта оралғандығына шүкіршілігін білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі