#Меркі: Ауылда 30 жылдыққа 30 түп ағаш егілді

#Меркі: Ауылда 30 жылдыққа 30 түп ағаш егілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арнап, Меркі ауданы "Жақсымбет" мешітінің имамы Қыдырәлі Қасымалиев пен жамағаты 30 түп шырша ағашын екті. 

"Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді" ("Рахман сүресі" 6-аят). Ал, адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисінде: "Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" - деп баяндаған. 

Бір тал отырғызудың өзі сарқылмас береке. Қиямет басталды десе де шыбығыңды егіп кет демей ме? Міне, осы игі істі қолға алғандар ағашты өңірдегі №44 мектебінің ауласына отырғызды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: