Жамбыл имамдарының кезекті мәжілісі өтті

Жамбыл имамдарының кезекті мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде жиналыс өтті. Әр өңірден келген аудан имамдары орталықта бас қосып, діни ахуалды тақылады.

Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев жүргізді. Шарада мешіттің наиб имамдары Ғалымбек Жапек, Нұралы Бақытұлы болды.

Дін мамандарын жинаған мәжілісте білім мәселесі, медреселерді шәкірттермен қамту, мешіттердің хал-ахуалын қадағалау: жылу, жарық, дәретхана, тазалық, ғимарат жайы және жалпы техникалық жағдайы сөз болды. 

Сонымен қатар, имамдардың әлеуметтік жағдайлары, УАҚЫП қорынан көмек алып жатқандар, айлық мәселесі, дін мамандарының тұрмысы тілге тиек болды.

Жиында имамдардың білім деңгейі мен білім алу жолдары турасы да талқыланды. Бас имам жасалып жатқан жұмыстарға қатысты көрсеткішті ортаға салып, бірқатар тапсырмалар мен ескертулер берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: