Өткен аптада «Байзақ баба» мешітінде имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар ұйымдастырылды.
Жергілікті мешіттердің молда–имамдарының басын қосқан дәрістің алғашқы күніне қатысқан аудан әкімі Дәуір Дәулетов дінге қызмет - абыройлы міндет екендігін, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыруда имамдарға жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын атап өтті. Діннің айнасы саналатын-молда имамдар заман талабына сай білімі мен білігін жетілдіріп отыруы уақыт талабынан туындап отырғандығын айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар барысында облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, білікті дінтанушылар Жалғасбай Жұбатқанов Нұрлан Мұрат, Наркес Боханов, Алтынбек Хусаинов Құран Кәрімнің «Фатиха», «Нас», «Кафирун», «Кәусар», сүрелері, Ақида (иман негіздері), Фикһ (шариғат негізі), теріс ағымдармен күрес тақырыптарында дәріс оқыды.
Төрт күнге созылған білім алу семинарында «Тілеш қажы», «Жантай ата», «Шолпан Дәуіт» мешіттерінің молдалары Р.Әбиіров, Б.Жұмағұлов, Қ.Тілеуқұлов күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі