#Меркі: Аяғы арбаға таңылса да, жүрегі Аллаға табынады

#Меркі: Аяғы арбаға таңылса да, жүрегі Аллаға табынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тағдыры тауқыметке салған жандар жайлы не білесіз? Ия, әңгімесін, басынан кешкенін естіп, құдды бір киноға тап болғандай күй кешесіз де, өз өміріңіз үшін Аллаға рақмет айтасыз. Мұндай оқиғалар сыналушыны қайрап, қажырлы етсе, куә болушының шүкірлігін арттыратын дүние. 

Алла сүйген құлдарына сынақ береді, алайда пендесіне көтере алмайтын қиындықты бермейді. Осындай ызғарлы желдің соққысына тап болған азаматтың бірі - Сағынай Асилов.

Жап-жас ғұмыры аяқ асты төңкеріліп, біраз жылдар бұрын мүгедектер арбасына таңылды. Соған қарамастан, жүрегі Алла деп, аузынан шүкірі түспейтін Сағынай бұрын 8 жылдай Қызылсай ауылдық мешітінің имамы болып қызмет атқарған. 

Абыройлы, үлкен жауапкершілікті талап ететін имамдық жолында талай адамның тура жолға келуіне себепші болған. Бір ауылда жұма намазын жүргізіп, уағызын айтып, екінші ауылға үйіне қайтып бара жатқан жолда жол көлік апатына ұшырады. Дәрігерлер нерв жүйесіне зақым келген деп,  ота жасаған соң да аяғына тік тұрмады. Сонда да Жаратушы Раббының ғажайыбынан үміт үзілер емес. 

Сағынайдай білікті маманды жамағаты да, әріптестері де аса бағалайды және еш ұмытқан емес. Бүгін де Меркі ауданының бас имамы Батырбек қажы Қасымалиевтың ұйытқы болуымен ауыл имамдары жиналып, азаматқа электронды мүгедектер арбасы мен жаттығу аппаратын сыйлады. Жапондық технология  ешкімге тәуелді болмай-ақ, арбамен өзі еркін қозғалуына мүмкіндік береді. 

Мұндай көмекке шын қуанған жігіт алғысын айтып, көпшілік Сағынайдың сауығып кетуі үшін Алладан шипа сұрап, дұға жасады.

Өмірде сан түрлі жағдайлар бар, бірақ соған сабыр етіп, күресе білген Сағынайдың ісі ерлік. Айта кетейік, ол отырған көлікте тек біз айтып отырған кейіпкер ғана бел жарақатын алған, басқалары аман. Алланың сынағы сергелдеңге салса да, қасқайып қарсы тұрған ер сізге де үлгі болсын оқырман.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: