Меркі ауданы Ақермен ауылының тұрғыны жалғызбасты, әрі көпбалалы Айжамал есімді келіншекке мешіт тарапынан көмек көрсетілді.
Ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев балдырғандармен бірге сауда дүкеніне барып, балалардың қалаған қыстық аяқ киімі мен сырт киімдерін алып берді. Сонымен қатар аудандық мешіт шаңыраққа жылу жүйесін кіргізіп берді.
Қасиетті Құранда: "Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды" дейді. Мешіттерде осындай игілік жиі орын алып тұратыны белгілі. Ол үшін де тұрғындар шын разы.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасына жалпы 200 мың теңге қаражат жұмсалған болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.