Тараз қаласында үш бірдей мешітте қайырымдылық шарасы жасалды. Атап айтқанда, «Шейх Зүннүн» мешіті мен «Әл-Әділ» мешіті және «Әзіреті Әли» мешіті.
Қайырымдылық Тараз қаласы тұрғындарынын карантиндік режимге байланысты әлеуметтік жағдайы төмендеген 40 отбасына азық-түліктей жасалды. Сонымен қоса жетімдер үйіндегі жиырма екі балаға қайырымдылық ретінде аяқ киім мен әртүрлі тәттілер таратылып берілді. Тұрғындар мен көңілі жарты болған жетім балалар шынайы алғыстарын жеткізіп, разылықтарын білдірді.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан (садақа етіп) жұмсаңдар» деп бұйырады.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі