Қазіргі таңда әлемде, соның ішінде Қазақстанда COVID-19 пандемиясы жайлағаны белгілі. Үсітіміздегі қасиетті ай яғни сүйікті де, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған МӘУЛІТ айы екені белгілі.
Осыған байланысты карантин шараларын ескере отырып, ҚМДБ-ның Шу қаласындағы филиалдары Шу өңіріндегі қалалық «Жәми» мешітінің Бас имамы Қуат дүйсенбайұлы және «Кәрібай молда» мешітінің имамы Нұржан Сабырұлының ұйымдастыруымен жалпы халыққа арнайы дайындалған 400 кісіге қайырымдылық ас таратылды.
Алла Тағалам Мәуліт айын мүбәрак етіп, елімізді, халқымызыды келген жаман індеттен аман сақтасын.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.