Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдерінің дәстүрлі киім үлгісі» атты сән көрсетілімі өтті.
Ерекше шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, Діни басқарма мен еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттердің әйел жамағатына алғысын білдірді.
Өңірімізден барған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева аталған жиында діни көшбасшының қолынан алғыс алды.
"Асыл дініміз Исламның өркендеуі мен көркеюі жолында Қазақстан мұсылмандары діни бақармасының әрбір жетістігіне қосқан үлесіңіз үшін Сізге Алла разы болсын!
Сіз еліміздің әйелер жамағаты бойынша жүзеге асқан көптеген игі іс-шаралар мен ізгі бастамаларға ұйытқы болдыңыз. Өзіңіз шынайы ықыласпен жасаған жұмыстарыңызға еселенген сауап жазылғай.
Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан Сізге айрықша алғысым мен шексіз ризашылығымды білдіремін.
Жаратқан Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, әр ісіңізге береке нәсіп етіп, екі дүниеде жүзіңіз жарық болғай. Әмин!" - деген мадақтама қағазының мәтінінде.
Облыстағы барша әйел жамағатының басын біріктіріп, ұлттық тәрбие, діни сауаттылық сынды бағытта еңбек сіңіріп жүрген ұстазымызға ұжымы атынан жеміс тілейміз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі