Қасиетті Құранда: «Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан (садақа етіп) жұмсаңдар десе, Пайғамбарымыз өзінің өсиетінде: «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Алладан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» деген.
Күннің суытуына байланысты аудан имамы Даурен Нұржанұлының ұйытқы болумен қайырымдылық іс-шаралары атқарылып жатыр.
Оның бір көрінісі, бүгін мұқтаж отбасыларға 2 қап картоптан таратылды. Сонымен қатар, қаржылай жәрдем де көрсетілді. Тұрғындар шынайы алғыстарын еткізіп, разылықтарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі