"Рухани келісім күні" аталып өтті

"Рухани келісім күні" аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Расында, Алланың алдында ұнамды адамдар, олар – елді бірлікке шақырғандар, алауыздыққа жол бермегендер. Екі дүниенің бақытына жетелейтін Құран Кәрімнің «Хужурат» сүресінде: «Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Алланың алдындағы сендердің ең құрметтілерің – тақуаларың», – делінген.

Қордай ауданының бас имамы Даурен Нұржанұлының ұйытқы болуымен Масаншы, Сортөбе ауылдарында  «Рухани келісім күніне» орай ауыл ақ сақалдары мен имамдарына жиын өтті.

Шарада бірліктің, татулықтың пайдасы, шариғаттағы орны жайлы тұщымды насихат, сүбелі ой ортаға салынды. Көпшілік уағызды ұйып тыңдап, өз сауалдарына жауаптар алды. 

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: