Тараз қаласының имамдары бір айда 24 онлайн жүйесінде және тікелей эфирде телеарналар арқылы халыққа үгіт-насихат айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Онлайн кездесулер барысында «Имам Әбу Ханифа мәзһабының тарихы», «Мәзһаб дегеніміз не?», «Ашулы үстінде шешім қабылдама», «Қуанып тұрғанда біреуге уәде берме», «Білім алудың Исламдағы орны», «Отанды сүю иманнан» деген сынды тақырыптар қозғалды.
Алдағы уақыттарда Тараз қаласындағы имамдар өз деңгейінде аталмыш тақырыптарда уағыз-насихаттар жүргізіп отыратын болады. Өңірдің білікті мамандарын әлеуметтік желілерден де көре аласыздар.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі