Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: шынайы мұсылманды «өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам» деп сипаттаған сөзі кез келген пендеге қай кезеңде болсын, басты бағдар, өшпес өнеге, үзілмес үлгі болған.
Қордай ауылдарына қарасты имам-молдалар «Рухани келісім күні» ауылда тұратын көп ұлттардың басын қосып, Алланың алдында адамдардың барлығы бірдей тек істеген ісіміз бен ғана дәрежеміздің үстем болатындығын айтып, ел-жұртты ынтымақ, бірлікке шақырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі