Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Асқар Зәкіржанұлы аудандық «Мәдениет үйінің» қызметкерлерімен «Ислам терроризмге қарсы» атты тақырыпта сұхбаттасты.
Имам өз сөзінде: "Алла Тағала Ниса сүресінің 93 аятында былай дейді. «Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозақ болады. Сондай-ақ, оған Алланың ашуы, қарғысы болып және зор қинау әзерленіп қойған». Бұл аяттарда Алла Тағала адамды өлтіру үлкен күнә екіндігін жайлы айтады. Енді қазіргі терроризм болса, осындай қылмыстардың барлығын өз ішіне алады. Террористердің қауіптілігі сонда, қой терісін жамылған қасқыр іспеттес, қасиетті Құран аяттарының үзінділерін тілге тиек етіп, өздерінің көздеген арам пиғылдарын іске асыру үшін діни құндылықтарды бұрмалауда" - деп атап өтті.
Көпшілік діни ағым мен ата дінімізге қатысты сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар ала алды.
Асқар Зәкіржанұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі