Жамбыл ауданы Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде "Діни экстремизмге қарсы күрес" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбек арнайы қатысып қайтты. Жиында діни сауаттылық туралы үгіт жүргізіп, теріс ағымның зияны, ата дінімізден айырмашылығы турасында түсіндірме жұмыстары жасалды.
Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды. Ата-аналар тарапынан баламның діни бағыты дұрыс болу үшін не істеймін, балаға қалай дінді дұрыс жеткізуге болады сынды сұрақтар қойылған болатын.
Һибатулл Тарази мешітінің баспасөз қызметі