Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани -адемгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
"Деструктивті ағымдардан жастарды қорғау" тақырыбында онлайн форматында жүзеге асқан шараға Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амиреев, Право ҚҚ заңгері Азамат Баймуканов, заңгер Ерік Қожахметов, студенттер, ата-аналары, мұғалімдер, кураторлар қатысты.
Жат ағыммен жұмыс жүргізуде тәжірибесі мол мешіт имамы жастар және дін мәселесінде түйіткілді мәселерді қозғап, теріс бағыт пен ата дінімізді ажырата білудің әдістерін үйретті. Өзге ағымның етегіне жармасып кете бермес үшін нені білу керек, дәстүрлі дініміз қандай сынды мардымды дүниелерді ортаға салып, көпшіліктің сауалына дәйекті жауаптар берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі