Түйіткілдің түйіні тарқатылды

Түйіткілдің түйіні тарқатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық әкімшілік ғимаратында "Бейбітшілік және келісім" жобасы аясында діни кездесу өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, Меркі ауданының бас имамы Батырбек Қасымалиев пен өңір имамдары, ақсақалдар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс бас имамы ынтымақ, ауызбірлік, отансүйгіштік жайында тілге тиек етіп, мардымды ой, дәйекті долбыр қозғады. Сонымен қатар "Жеті рухани қазық" турасында түсіндіріп, жіліктеп берді.

Көпшілік тарапынан қоғамдағы түйіткілді мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, дәлелді, нақты жауаптар қайтарылды. 

Іс-шарада ауданның діни хал-ахуалы сөз болып, жасалатын жұмыстар легі қарастырылды. Тұрғындар тарапынан келіп түскен сауал, ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды. Облыстан келген дін мамандары баяндама жасап, жат ағымға қатысты, халықтың, ұлттың татулығына негізделген ойларын жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Аудандық Меркі-ата мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: