Құран кәрімде: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа ана) жұп етіп жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар мен руларғабөлдік. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың», делінген.
Расында, әр ұлт өз тілі, салт-дәстүрі, мәдениетімен ерекшеленеді. Ежелден ата-бабамыз шариғатқа жақын болғанын күнделікті тұрмыс-тіршілігінен анық байқаймыз. Соның ішінде киімнің сәнді әрі әдепке сай болуына үлкен мән берген.
Қазіргі таңда шәкірт үлгі алып, бағыт түзейтін ұстаздың сөзі де сырт келбеті де маңызды мәселе.
Осы орайда, Жамбыл облысы ұстаздары ақылдаса келе және Жамбыл облысының әйел-қыздар секторы жетекшісі Алдасаева Гүлжан ұстаздың шешімімен, іс-шараларда бір түсті қазақы ұлттық киім киіліп, кейінгі ұрпаққа салт-дәстүрімізді де насихаттау жөн деп саналды.
Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен облыс бойынша ұстаздарға қазақы нақыштағы камзол тігілді.
Жиын барысында ұстаздарға камзолдар табысталып, дастархан алдында дұға жасалды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі