Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Меркі ауданында іс-сапарда болып, өңір мешіттерін аралады.
Ең алдымен күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан "Жақсымбет" мешітіне барып, құрылыс алаңын аралап, жоспарымен танысты. Кейін "Қарабала төре" мешітін зиярат етіп, ұжымымен жүздесіп, ауылдың діни хал-ахуалын біліп, ғимаратты аралады. Аудан имамы Батырбек Қасымалиев іс-сапарда Бейбіт Әліпбекұлына барлық тиісті орындарды көрсетіп, орын алып жатқан өзгерістер жайында баяндап отырды.
Бас имам сапар барысында аудандағы шиа намазханасын да көріп қайтты. Қарияларымен кездесіп, сұқпат құрып, жамағатымен тілдесті.
Аталған намазханаға Жамбыл облысы әкідігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров та арнайы келіп, "намазхана" болып тіркелген ғимаратқа тексеріс жүргізді. Дін мамандары осы намазхананың келушілерімен сөйлесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі