"Бейбітшілік және келісім" жобасы Қордай ауданында көш түзеді

"Бейбітшілік және келісім" жобасы Қордай ауданында көш түзеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бейбітшілік және келесім" жобасы аясында дін мамандары Байзақ, Жамбыл аудандарында 2-3 күндік кездесу, сұқбат сынды түрлі басқа да іс-шаралар өткізіп, Қордай ауданына келіп табан тіреді. 

Бүгін өңірдегі алғашқы жұмыс кеңес отырысынан басталды. Ауданда атқарылатын шаралар легі тілге тиек болып, жоспар бойынша тапсырмалар берілді. 

Аталған жиыннан соң ДРТ өкілдерімен жеке оңалту шаралары өтті. Е.Қарақұлов, Р.Рахымжан, С.Құлтаев, Б.Жамангөзов, Е.Ақбай, Е.Аманбаев, М.Кайыргалиев, Т.Тілманбетов, А.Сабырұлы, Н. Сатымқұл, К.Джумекеева, Б.Амиреев, А.Шауметов, З.Зүнінқожа, Е.Жақыпов, Қ.Әмірқожаев сынды өз ісінің мамандары тұрғындармен, теріс діни бағыттағы адамдармен жұмыс жүргізді. 

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров ауыл ақсақалдарымен, ұстаздарымен, жергілікті тұрғындарымен кездесіп, көкейкесті сауалдарына жауап берді. 

Көпшілік дін мәселелеріне, ұлтаралық татулыққа, екпеге қатысты өзекті сұрақтарды қозғады. Дін мамандары дәйекті әрі толыққанды жауаптар беріп, діни білім туралы тілге тиек етті. 

Атай кетейік, жоба аясында әлі де бірнеше кездесулер өткізу күнтәртібінде  бар. Ол туралы алдыңғы уақытта хабарлайтын боламыз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: