Кеңесхан қажы мешітінің наиб имамдары қасиетті жұма күні мүнкіншілігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасын жасады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлығына алған 4 отбасына 65 мың теңгеге азық-түліктей жәрдем берілді. Сонымен қоса, мешітімізге жәрдем сұрап келген әжейге қаржылай көмек көрсетілді.
Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы..." - делінген. Міне, осы бір игі амалды басты бағыттарының біріне айналдырған мешіт алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шараларын үзбей атқарып отыруға ниетті.
Кеңесхан қажы мешітінің баспасөз қызметі