1 аптада 7 614 700 теңгеге қайырымдылық жасалды

1 аптада 7 614 700 теңгеге қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша бір жетіде 630 адамға көмек көрсетіліп, оған 7 614 700 теңге қаражат жұмсалды. 

Игілікті ту еткен өңір мешіттері ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың бастамасымен өткен 1-7 қыркүйек "Қайырымдылық аптасында" көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік пен "Мектепке жол" науқаны асында оқушыларға оқуға қажетті құралдар алып берді. 

Атап айтсақ, 64 балаға смартфон, 4 оқушыға адамға планшет, 93 балдырғанға мектепке құрал-жабдық алынды. Аталған қажеттіліктерге жалпы 2 895 500 теңге кетті. 

Ал 469 отбасыға алынған азық-түлік үшін 4 719 700 теңге жұмсалды.

Оқудың онлайн түрде өтіп жатқан кезінде мұндай жәрдем ата-аналарды да, балаларды да қуантты. Қайырымдылық - адам жанының нұры демекші, бұл игілік әлі де жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: