Жамбыл ауданындағы кездесулердің қорытынды отырысы өтті

Жамбыл ауданындағы кездесулердің қорытынды отырысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жалпақтөбе ауылдық  округінде ауыл тұрғындарымен, ақсақалдарымен, ардагерлер құрамының өкілдерімен, ұстаздармен кездесу өтті. 

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров қатысты. 

Көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, теріс ағым, екпе егу, діни білім турасында қойылған сұрақтарға дәйекті мысалдар келтірді. 

Аталған жүздесуден кейін Жамбыл ауданында 2 күн бойы өткен шаралардың қорытынды отырысы өтіп, жұмыстың нәтижесі шығарылды. Атқарылған кездесулер жайлы есеп беріліп, дін мамандары сараптама жасады. "Бейбітшілік және келісім" жобасы аясында өңірдің діни ахуалы толық тексеріліп, тұрғындармен жеке-жеке кездесулер де орын алғанын айта кетейік.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: