Жамбыл ауданында дін мамандарына арнап 3 қызметтік үйдің кілті табысталды. Жас отбасыларды қолдау, ауылды жерде қызметін жемісті атқарсын, отбасымен тұрғын үй жағынан қиыншылық көрмесін, өңірдің діни сауатын, ахуалын реттуде уайымсыз еңбек етсін деген мақсатта жасалған игіліктің бүгін ресми жиыны өтті.
Шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен ауыл ақсақалы лента қиып, мамандарға жылы лебізін білдіріп, батасын берді. Ал Шымкенттен ат артып келген РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұлов шараға қонақ болып қайтты.
Үш бірдей баспананың қолданысқа берілуі аудан үшін жетістік. Адамның өміріндегі ең маңызды дүние - руханият. Осы салада бағыт-бағдар беріп, өзіне ұйытып, көшбастайтын дін мамандарына қолдау көрсету - еліміздің өркендеуіне қосқан үлес болып табылады. Өйткені, болашақ - иманды ұрпақтың болында!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі