Жамбыл ауданы Жалақтөбе ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай "Ел үлесі пәтерге" бағдарламасы аясында 260-шы үйдің кілті берілді.
Умар Нуров есімді азаматтың үйі өртеніп кеткен болатын. 4 балаға жалғыз өзі қамқор болып отырған әкеге баспана сыйлап, балаларымен қиын жағдайда қалғанда көрсетілген көмек үшін күллі ауыл қуанды.
Бүгінгі салтанатты рәсімге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты. Көпшілік қонысты болған отбасыға жылы лебіздерін білдіріп, шашуларын шашты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

