Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылдық мешітінің жанынан асхана ашылды.
Айтулы асхананың ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Жамбыл ауданының бас имамы Ғарифолла Әмірбек, облыстық мешіт істері меңгерушісі Халид Қожахметов, мешіт имамдары мен қызметкерлері, ақсақалдар және тұрғындар қатысты. Ғимараттың лентасын "бисмилләһ" деп облыс имамы қиды.
Мешіт асханасы тұрғындарға құдайы тамақ, ас, ауызашар беру, хатым бағыштау, құран оқыту, ет тарату сынды шараларда аса қажет. Жамағаттың аталған ғұрыптарды орындау барысында мешіт имамдарымен бірге, ресми ғимаратта болғаны кез келген істі шариғат талаптарына сай, қателіксіз өткізуге мүмкіндік береді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі