Бүгін Қазақстан мұсылмандыры діни басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық Жастар форумы өтті. Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты шараға ZOOM платформасы арқылы Жамбыл облысынан 50 жас қатысты.
Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров модераторлық жасады. Шара барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров, Атырау мұнай және газ университетінің проректоры Олжас Сүлейменов, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Сырым Шәкизада баяндама жасады.
Онлайн форумда жастар мәселесіне қатысты сүбелі сөздер, тұщымды ойлар ортаға салынды. Жиын соңында ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жастарға арналған үндеу жарияланды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі