Аудандық мешітке қызметтік көлік сыйға тартылды

Аудандық мешітке қызметтік көлік сыйға тартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты аудан кәсіпкерлері темір тұлпар сыйлады.

Қуанышты шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров пен мемлекет және мешіт қызметкерлері қатысты. 

Ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбекке өңір кәсіпкерлері көлік кілтін табыстап, жемісті жұмыс тіледі. 

Іскер азаматтар халықтың діни сауатын арттыруда жамағатты игілікте бастап жүретін имамдарға алғыс айта отырып, халық ағыла келетін мешіт қызметін атқаруда көмек болсын деген игі лебіздерін білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: