Ауыл тұрғындарымен сұқбат жасалды

Ауыл тұрғындарымен сұқбат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бейбітшілік және келісім" жобасының жоспарына сай Жамбыл ауданындық ардагерлер үйінде тұрғындармен кездесу өтті. 

Ардагерлер үйінің төрағалары, жамағат, мұғалімдер, ауыл тұрғындарымен жеке-жеке сұхбат жасалды. 

Шараға арнайы келіп, көкейкесті сауалдарын қойған көпшілік тарапынан "Ағымнан қорғайтын заң бар ма?", "Қай сайттарды оқуға болады?" "Саясат қалай өзгеруде?", "Діни сауаттылықты арттыру  үшін жасалып жатқан шаралар қандай?" сынды сұрақтар қойылып, теріс ағымдар туралы, олардан сақтану, ажырата білу турасында сөз қозғалды. 

Тұрғындарға: "Барлық дінге қатысты мәселені имамдардан сұраңыздар, интернетте муфтият қарамағындағы сайттардан ақпарат алыңыздар" - деп кеңес берілді.

Жиында бала тәрбиесі, екпе салдыру, имамдардың жалақысы жайы да тілге тиек болды. Көпшілік тарапынан қазақ тіліндегі діни кітаптар көптеп жарыққа шықса деген ұсыныстар да айтылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: