Жамбыл ауданында "Бейбітшілік және келісім" жобасы басталды

Жамбыл ауданында "Бейбітшілік және келісім" жобасы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

3 күн бойы Байзақ ауданында жоспарлы жұмыс жүргізген "Бейбітшілік және келісім" жобасы Жамбыл ауданында жалғасын тапты.  

Аталған ауқымды жоба аясында "Дін мәселелері топтарымен" кездесулер сынды түрлі шаралар өткізілуде. Өңірдегі алғашқы бас қосу Жамбыл аудандық М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде аудан әкімінің жиналысынан басталды. 

Шараға өңір әкімі С.Арубаев модераторлық етті. Ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, тұрғындарды адамгершілік құндылықтарға үндеу мен қоғамдық келісім мен тұрақтылықтықамтамасыз етудегі діни сауаттылықтың рөлін арттыру, қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу және жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында әзірленген осы жобаны іске асыру үшін ауданға республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері мен Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасынан білікті теолог мамандар және бірлестік өкілдері келіп қатысты.  

Екі күн ішінде атқарылатын жұмыстарды талқылау кезінде діни ахуалды зерделу  үшін кездесулер мен жеке сұрақтар бойынша бас қосулар өтетіндігі жайлы аталып өтті.

Жиында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Шымкент қалалық "Әл-Біләл" мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Нұр-сұлтан қалалық "Хазрет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Мақсатбек Қайырғалиев сынды білікті дінтанушылар сөз сөйледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: