Қамшының сабындай бес күндік жалған дүниеде жан-жүрегіңді жібітер шынайы сезімдер бар. Соның бірі - мейірім. Ол мерейін шашқанда адамнің іші жылып, иманы қуаттанып, құлпыра түседі.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген сөздердің астында мағыналы дүниенің жатқаны осыдан-ақ белгілі. Қашанда игі іс жасауға ұмтылатын нәзік жандылар бүгін тағы да 10 отбасының жүзіне күлкі ұялатты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторы, Һибатулла Тарази мешітінің ұстаздары аталған жанұяларға азық-түлікті өздері жеткізіп берді. Карантинде отырып, қаржылай қиындық көрген жұртшылық күнделікті тұтынар азыққа қарайлап қалғаны белгілі.
Бұл шара арқылы әйелдер жамағаты осындай әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы аналардың алғысын алып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.