"Мектепке жол" науқаны аясында Жамбыл ауданы 50 баланы планшетпен қамтыды. Биылғы оқу жылы онлайн түрде бастау алғанына байланысты сабақ оқуға арналған осы бір құрал өте қажет болып отыр. Ал әлеуметтік жағлайы төмен, көпбалалы отбасыларға бағасы қалта көтере бермейтін құрылғыны алып беру қиынға соғуда.
Осыған байланысты аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұйымдастыруымен, кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен 1 500 000 теңгеге қайырымдылық жасалды.
Игі шарада аудан имамы Ғарифолла Әмірбек пен демеушілер балдырғандарға сыйлықтарын табыстап, ата-аналарын да балаларды да қуантты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі